Белгі тас

Белгі  тас  –  1997  жылы  орнатылған.  Жол  салу  кезінде  табылған  адамның  мәйіттерін  жинап,  қайта  жерлеп  соны  есте  қалдыру  үшін  орнатылған. Белгі  тастың   төрт  есігі  бар.   Жоғарғы  жағында  шығыс, батыс,  оңтүстік,  солтүстікті  білдіретін  нұсқалары  бар.   Белгі  тас  Ордабасы  тауының  тастарынан  қаланған. Киелі де,  қасиетті  Ордабасы  тауының  халқымыздың  ұл  қыздарына  тағлым  беретін  жағы  көп.  Сонау  заманда елдің  төрт  бұрышынан  келген  жауынгерлердің   мәйіттері   шыққан    орынға   орнатылған белгі  тас .  Биіктігі   8  метр  шеңберінің  диаметрі 5 метр.   Авторы  Сыздықов  Орал.