26 тамыз Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігіне қарасты «Ордабасы» ұлттық тарихи-мәдени қорығы мен Ордабасы аудандық әкімшілігінің ұйымдастыруымен, Ордабасы ауданының 55 жылдық мерей тойына орай аудандық жастар сарайында «Тарихқа тұнған Ордабасы» тақырыбында ғылыми-танымдық конференция өткізді.

Тарихқа Тұнған Ордабасы.
26 тамыз Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігіне қарасты «Ордабасы» ұлттық тарихи-мәдени қорығы мен Ордабасы аудандық әкімшілігінің ұйымдастыруымен, Ордабасы ауданының 55 жылдық мерей тойына орай аудандық жастар сарайында «Тарихқа тұнған Ордабасы» тақырыбында ғылыми-танымдық конференция өткізді. Аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Абдикулов Аңсарбек Советұлы құттықтау сөздерін айтып, баяндамашыларға сәттілік тіледі. Алғашқы болып сөз алған Тарих ғылымдарының кандидаты Ордабасы ұлттық тарихи-мәдени қорығының археолог маманы Ержан Есжан «Қазақ жоңғар қатынасы туралы. Шынайы дерек және жалған құжат» тақырыбында баяндама оқыды. Ордабасы өңіріндегі киелі де қасиетті орындар жайлы «Ордабасы» ұлттық тарихи-мәдени қорығының қор сақтаушысы Шартаков Қайырхан Орынбекұлы , “Ұлағат” жалпы орта мектебінің тарих пәнінің мұғалімі Бағланбаева Сара Мирановна, Қажымұқан атындағы облыстық спорт музейінің қызметкері Ескермес Меруерт өздерінің ғылыми баяндамаларын оқыды. Конференцияның қорытынды сөзінде Ордабасы аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Тұран Абдіқайымұлы Ордабасы ауданының 55 жылдық мерей тойымен конфереция қатысушылары барша аудан тұрғындарын құттықтады.