Әкімшілік

«ОРДАБАСЫ»  ҰЛТТЫҚ  ТАРИХИ –МӘДЕНИ  ҚОРЫҒЫ

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК  ҚАЗЫНАЛЫҚ  КӘСІПОРНЫ

ИСМАТОВ  БАХАДИР

ДИРЕКТОР  МІНДЕТІН  АТҚАРУШЫ

Ө М І Р Б А Я Н 

     Исматов  Бахадир  Абдуллаевич,  1962  жылы  24  қазанда  Шымкент  облысы   Шымкент  қаласында  дүниеге  келген.   

1970 – жылы  А.Жұбанов   атындағы   арнаулы   музыка   мектебінің  1 сыныбына  барып,   1981 ж.  11 сыныбын  бітірген.

1981- жылы Әл–Фараби  атындағы   Шымкент педагогика  мәдениет  институтына  оқуға  түсіп, 1985 жылы   мәдени – ағарту   жұмысы  маманды  бойынша  аяқтаған.

1985 – 1987  жылдары  әскер  қатарында  Отандық  борышымды  атқарған.

1986 – 1987 ж.ж.-  Ленгер  аудандық  білім   бөлімінде, домбыра  класы  бойынша  мұғалім.

1986 -1993 ж.ж.-  №2 Балалар  музыкалық   мектебі,  домбыра  класы  бойынша  мұғалім .

1993 – 1995 ж.ж.- М. Әуезов  атындағы  Шымкент  педагогикалық университеті   «Мәдениеттану»   кафедрасында  мұғалім .

2001 – 2002 ж.ж.- Қ.Ахмет Ясауи  атындағы  халықаралық  Қазақ –түрік    университетінің  Шымкент  бөлімі, «Өнер»  факультетінің  концертмейстер.

2002 -2010 ж.ж.- Қ.Ахмет Ясауи атындағы  халықаралық  Қазақ –түрік    университетінің  Шымкент бөлімі,  «Саз  және  ән  айту»  кафедрасында  оқытушы .

16.03.2011-31.08.2011ж.Акедемиялық инновациялық  университеті   «Музыкалық   білім»   кафедрасының   концертмейстер    қызметі.

2011 – 2017 ж.ж.-  Оңтүстік  Қазақстан  Мемлекеттік  педагогикалық  институты

Музыкалық  білім  және бейнелеу  кафедрасының  аға оқытушысы  жұмысы.

2014 ж.   « ҚР мәдениет  саласының   үздігі»  төсбелгісімен  марапатталған.

2017ж. 21 сәуірінде «Ордабасы»  ұлттық  тарихи – мәдени қорығы РМҚК    директор   міндетін   атқарушы  болып  қызмет  атқаруда .

Үйленген. Әйелі –  Исматова  Гүлнара  Қуанышбековна, 1966 ж.т., Жоғары  білімді. Төрт баласы бар.

ТАШБАЕВ  ЖУМАБЕК  КУСБАЕВИЧ 

ТАРИХИ – МӘДЕНИ  ЖӘДІГЕРЛЕРЛІ  ҚОРҒАУ БӨЛІМ  БАСШЫСЫ

Ө М І Р Б А Я Н

       Ташбаев Жумабек  Кусбаевич,  1987  жылы  01  қаңтарда  Өзбекстан  Республикасы Сырдария  облысы  Сайхунабад ауданында  дүниеге  келген.   

1993 – жылы  Әмір – Темір   атындағы  жалпы  орта мектебінің  1 сыныбына  барып, 2004ж Ордабасы  ауданы Шұбарсу елді  мекеніндегі  «Шұбарсу»  жалпы  орта  мектебінің 11 сыныбын  бітірген.

2004- жылы Орталық  Азия  университетіне оқуға  түсіп,  2009 жылы   тарих  мамандығын  тәмәмдаған.

2011 – 2017 ж.ж. – «Ордабасы»  ұлттық  тарихи – мәдени  қорығында  саяхат  жүргізуші.

2017 жылдың  01 шілдесінен  бөлім  басшысы.

Үйленген. Әйелі – Уракбаева  Назерке  Батырханқызы  1992ж.т.,үй шаруасында.  Екі қызы бар.

АБДИРАЕВ  ДОСЫМБЕК ДОКТАРБАЕВИЧ  

ТАРИХИ – ТАНЫМДЫҚ  ЭКСКУРСИЯЛЫҚ БӨЛІМ  БАСШЫСЫ

Ө М І Р Б А Я Н

        Абдираев  Досымбек Доктарбаевич,  1978  жылы  08  қарашада ОҚО Ордабасы  ауданы  Ордабасы  ауылында   дүниеге  келген.   

1985 – жылы  Ордабасы   атындағы   арнаулы  орта  мектебінің  1 сыныбына  барып,   1996 ж.  11 сыныбын  бітірген.

1996 жылы Оңтүстік  Қазақстан  автомобиль- механикалық колледжіне  оқуға  түсіп, 1999ж  тасымалдауды  ұйымдастырушы  техник  мамандығы бойынша  аяқтаған.

2003- 2003ж   «Хлопковой  Союз»  ЖШС-де  вахтер.

2005- 2007ж   «Джин Тэкс»  ЖШС –де  күзет.

2009 – 2012ж  «Ордабасы»  қорығында  жүргізуші.

2012 – 2013ж  Аталмыш  кәсіпорында  әдіскер

2011 жылы  Аймақтық  әлеуметтік  инновациялық  университетіне  оқуға  түсіп, 2015 жылы тарих  мамандығы  бойынша  бітірген.

2013 – 2017 ж  Саяхат жүргізуші .

2017 жылдың  12 сәуірінен  бөлім  басшысы.

Үйленген. Әйелі – Егізбаева  Динара Ерланқызы  Жоғары білімді  мұғалім, 1986 ж.т., . Үш  баласы бар.

МАХАМБЕТОВ  ҚАЙРАТБЕК  МУСИРАЛИЕВИЧ

ЖАЛПЫ  ӘКІМШІЛІК – ШАРУАШЫЛЫҚ  БӨЛІМ  БАСШЫСЫ

Ө М І Р Б А Я Н

       Махамбетов  Қайратбек  Мусиралиевич,  1963  жылы  10  наурызда  ОҚО  Түлкібас   ауданы  Машат  ауылында   дүниеге  келген.   

1970 – жылы  Түлкібас ауданындағы Жамбыл  атындағы   арнаулы  орта  мектебінің  1 сыныбына  барып,  1980 ж.  10 класын  бітірген.

1981-жылы Әл–Фараби  атындағы   Шымкент педагогика  мәдениет  институтына  оқуға  түсіп, 1985 жылы   мәдени – ағарту   жұмысы  мамандығын  тәмәмдаған.

1983 – 1985ж.ж. Ғ.Мұратбаев  атындағы  облыстық  пионерлер  сарайы. Домбыра  үйірмесінің  жетекшісі.

1985 – 1986 жылдары  әскер  қатарында  Отандық  борышын  атқарған.

1986 – 1987 ж.ж.- Ленгер аудандық  білім бөлімінде, домбыра  класы  бойынша  мұғалім.

1986 – 1994 ж.ж.- №23 Ленин  атындағы орта  мектеп. Ән-күй сабағынан  мұғалім.

1994 – 1995 ж.ж.-  Қатын  Көпір  ауылдық  әкімшілігінде  бас  маман.

1995 – 1997 ж.ж. – Қатын  Көпір  ауылдық  әкімшілігінің  орынбасары.

01.07.1997–01.09.1997жылдары Қатын Көпір ауылдық әкімшілігінің инспектор кассирі.

1998 – 2004 ж.ж – Қатын  Көпір  ауылдық  әкімінің  орынбасары.

2008– 2009ж.ж.- ОҚО Статистика Департаментінде қалалық  санақ  бойынша  уәкіл.

2017ж. 03 мамырында «Ордабасы»  ұлттық  тарихи – мәдени қорығы РМҚК-да шаруашылық  бөлім  басшысы  болып  қызмет  атқаруда.

Үйленген. Әйелі – Ажитаева  Қалима Мылтықбайқызы, 1967 ж.т., Жоғары  білімді. Төрт баласы бар.